- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Microsoft Nokia үлгілерін...
Microsoft Nokia үлгілерін шығармайтын болды
Осыдан бір апта бұрын, Microsoft компаниясы жұмысшыларының қасқартылуы туралы бейресми хабарды есіткен болатынбыз. Енді сол ақпараттың расталғанының куәсі болып отырмыз.
Компания басшылығының жасаған хабарламасына орай, осыдан бірнеше ай бұрын Nokia Devices and Services тармағына жұмысқа тұрған адамдар қайтадан жұмыссыз қалған. Нақты сандық көрсеткішті айтқанда, барлығы 18 000 адам жұмыстан шығарылған. Енді бізге бұрыннан белгілі болған Nokia қалтафондарының жаңа нұсқалары жарыққа шықпайтын болды, деп хабарлайды microsoft.com сайты.
Әзірге, Microsoft финдік қалтафон жасайтын компанияның тек екі орталығын ғана бұрынғы жұмыс тәртібімен қалдырып отыр. Ал қалған филиалдар тек қолда бар өнімдерінің қайта жөндеу қызметтерімен айналысатын болады. Бұл хабар ендігі кезде, Nokia Asha және Nokia X үлгілерінің жаңа нұсқаларының енді шықпайтынын білдіреді.
Оған қоса, Microsoft корпорациясының IT-Games нарығындағы негізгі өнімі болған Xbox Entertainment Studios (XES) деген атауға ие видео ойындарын бағдарламалау бөлімі де жабылатын болып шешілген. Бұл тағы да жұмысшылардың қысқаруына әкеп соғады.
Демек, Билл Гейтстің бақылауынан кейін, компанияның күрделі дағдарысқа ұшырауының өзіндік себептері бар болып шықты. Дегенмен, әзірге, компания басшылығы ол туралы ешқандай ақпарат таратпауды жөн көріп отыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: wpcentral.com
Ж. Өрісбай