Microsoft корпорациясы біраз уақыттан бері бағдарламалық өнімдерімен қатар әртүрлі гаджеттер нарығында да белсенділік танытып келеді. Америкалық IT-алыбы Nokia брендін сатып алғалы смартфондар нарығының үлескеріне айналған. Жақында өзінің кезекті аппаратын сатылымға шығармақ.
Saana аталатын жаңа өнім Lumia сериясымен шығарылады. Әзірге смартфон анонсы ресми түрде өткен жоқ, дегенмен ғаламторда өнім туралы жарияланған ақпараттар жетерлік. WMPoweruser ресурсына сенсек, Lumia Saana смартфоны Windows 10 Mobile операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейді. Стандартты 5 дюймді экраны 1280 х 720 пиксель сапаға ие. Инсайдерлер ғаламторда жаңа өнімнің бірнеше суретін жариялаған.
Microsoft смартфонының модельдік номері – RM-1152. Аппарат дисплейі Glance Screen негізінде дайындалған. Ал корпусы толығымен пластиктен жасалған.
Lumia Saana смартфоны Qualcomm MSM8909 Snapdragon 210 процессорымен жабдықталған. Ал басқа техникалық мүмкіндіктері туралы әзірге еш ақпарат жоқ. Өнімнің бағасы мен нарыққа шығарылатын уақыты да белгісіз.