- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Máńgilik El Daýysy...
Máńgilik El Daýysy жобасының студенттерге арналған конкурсының қорытындысы шықты
Еліміздегі алғашқы музыкалық шоу - Máńgilik El Daýysy жобасының елордалық студенттерге арналған конкурсының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, концертке билет ұтып алу үшін кез келген қазақша әнді орындап, оқу орнының Instagram парақшасына #BirgeAnSal хештегі арқылы видео жүктеу керек болған.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз - Astana IT University студенттері. Олар "Көзіңнің мөлдірін-ай" әнін орындап, 134 билет және Máńgilik El Daýysу жобасына қатысатын барлық әншінің қолтаңбасы бар сертификат ұтып алды.
"Концерт ұйымдастырушыларына Отанға деген махаббатын ашуға ықпал ететін ерекше кеш ұйымдастырып жатқандарына алғыс айтамын. Біздің студенттер дайындық барысынан ләззат алды. Нәтижесінде бірінші орынды иеленгенімізге іштей мақтанамыз. Біздің студенттер концертке келіп, сүйікті әншілеріне қолдау білдіреді. Міндетті түрде сіздердің конкурстарыңызға қатысамыз, тағы ұйымдастырып тұрыңыздар!", - дейді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанат Айтпаева.
Екінші орынды Қазақ технология және бизнес университеті иеленді. Конкурс қатысушылары "Бір бала" әнін орындап, 64 билет ұтып алған. "Жан досым" атты әнді орындаған "Астана" Халықаралық университеті 45 билеттің иегері атанып, үшінші орынға жайғасты.
9 қарашада Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де шоуға өнер жұлдыздары әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік болады. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болу үшін led-экрандарға шығарылады.
Еске салайық, концерт қонақтары - Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы.
Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.
Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Massaget