Шымкент тұрғынынан 10 миллион теңге бопсалаған екі адам 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап еткен екі адамды жедел анықтап, оларды қамауға алған. Сондай-ақ, күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленген.
Тергеу нәтижесінде бопсалау арқылы алынған Mercedes-Benz көлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылған.
"Сот шешімімен екі адамға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бопсалау - қылмыс. Азаматтарды қорқытып, ақша немесе мүлік талап еткені үшін заң бойынша жаза көзделген", - деп ескертті ІІМ өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова