Кейбір гаджет өндірушілер өнімнің техникалық мінездемесі үлкейген сайын оған деген сұраныстың арта беруін басты нысанаға алады. Атап айтқанда мобильді құрылғыларға арналған процессор шығаратын MediaTek компаниясы өнімнің қуаттылығын арттырмақ.
Қытайдың алып компаниясы ағымдағы жылда процессордың екі нұсқасын шығаруды жоспарлаған. Оның бірі 10-ядролы, екіншісі 12-ядролы болмақ.
Естеріңізге сала кетсек, қазір қолда бар ең қуатты мобильді процессор бір апта бұрын халықаралық CES көрмесінде таныстырылған болатын. Ол NVIDIA Tegra X1 деп аталып, 8-ядролы қуатқа ие. Ендеше MediaTek компаниясы мобильді процессорлар нарығының басым үлесін алуды ұйғарған секілді. Расында маркетингтік көзқарас бойынша компанияның негізге сүйенетіні бар.
Бұл ақпарат ресми расталмағанымен смартфон және планшет өлшемдерінің артуы процессордың өнімділігіне де әсер ететіні сөзсіз. Ендеше бұл жаңалық көп өтпей смартфон құрылымына енетін болады.
Сурет: ja.wikipedia.org
Оқи отырыңыз:
LG өзінің WebOS платформасын нарыққа шығармақ
Google Translate қызметі синхронды аударатын болады
Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек
Марк Цукерберг жыл сайын өзіне уәде беріп келеді
CES 2015. Kodak брендімен шыққан алғашқы смартфон