McDonald's-тің Ресейдегі аналогы Қазақстанда жұмыс істей алмайды

McDonald's-тің Ресейдегі аналогы Қазақстанда жұмыс істей алмайды
Фото: Pixabay.com

McDonald's-пен жасалған келісімшарт аясында ресейлік "Вкусно - и дочка" компаниясы Қазақстан нарығына шыға алмайды. Бұл туралы кәсіпорын иесі Александр Говор айтты, - деп хабарлайды Life.ru.

Басылым мәліметінше, ресейлік фастфуд мейрамханалар желісі басқа мемлекеттерде ашылуы мүмкін.

"McDonald's орналасқан Қазақстанға келетін болсақ, бас корпорациямен құжаттарға қол қойсақ, біздің ол жерде жаңа бренд ашуға құқығымыз жоқ", - деді ол.

Говор басқа ел нарығына шығу мүмкіндіктерін іздеп жатқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінде өткен кездесуде McDonald's өкілі компанияның қазақстандық нарықтағы қызметін жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек