Magnum компаниясының басшысы Азамат Османов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда желісінің басқарма төрағасы сатып алушыларға үндеу жасады.
"Құрметті сатып алушылар!
Қазіргі жағдайда түсіністік білдіріп, сабыр сақтағандарыңызға, сенімдеріңізге рахмет!
Үкімет қабылдаған шектеулер, сізбен біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалған.
Ел бойынша Магнум дүкендері ерекше жағдайда жұмыс істеуде. Санитарлық шараларды мүмкіндік бойынша арттырудамыз.
Карантин уақытында үйлестіру орталықтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына тауар жеткізілу жалғасады.
Алайда, карантинға байланысты тауар жеткізу уақыты созылады. Себебі, жүк көліктері (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кіре берісте) тексеру посттарында тексеріледі.
Адамдардың жүруіне де шектеу қойылды.
Нұрсұлтан, Алматы қалаларының маңында тұратын кейбір қызметкерлеріміз, кесте бойынша жұмысқа шыға алмайды.
Қызметкерлер тапшы болады, әсіресе Алматы қаласында.
Осыған байланысты екі қаланың тұрғындарын жұмысқа шақырамыз.
Сүйікті сатып алушылармызды қызмет сапасының түсуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Егер, Сіз дүкеннен іздеген тауарды таба алмасаңыз, ол тауардың жоқтығынан емес, тауардың жеткізілуімен, жұмысшылардың жетіспеуіне байланысты.
Іздеген тауарыңызды басқа филиалдан немесе келесі күні келіп сатып ала аласыз.
Еске саламын, барлық тауарлар қоры осы кезеңнен аман есен шығуға жетеді.
Сатып алушыларымызға өтініш, сауданы қалыпты уақытта жасауды сұраймыз.
Баршаға денсаулық және үйреншікті күндерімізге тез жетуді тілеймін!".