- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде көрме өтті
Made in Oskemen - 2024. Өскеменде жергілікті кәсіпкерлерді қолдайтын көрме өтті
Жақында Өскеменде қаладағы сауда кешеннің бірінің аумағында жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін ұсынуға арналған "Made in Oskemen" көрмесі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен құрылып, осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған көрме биыл екі күнге созылды. Шараның мақсаты - облыс орталығындағы кәсіпкерлерді қолдау, отандық тауар өндірушілердің өнімін жарнамалауға, тұтынушыларға кеңінен таныстыруға көмектесу, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, жаңа нарыққа жол ашу.
Көрме қала өндірушілеріне өз жетістіктерін көрсету арқылы бір-бірімен танысып, іскерлік байланыс орнатуға, дамудың жаңа бағытына бет алуына мүмкіндік береді.
Көрмеге тамақ, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу саласындағы 100 өнім өндіруші қатысты. Көрмеге жиналған жұрт табиғи таза өнімді алуға асықты. Әсіресе, ұлттық тағамдарға сұраныс жоғары болды.
Сонымен қатар көрмеге ашық ауада және туризмге арналған киімдер, медициналық жиһаз, жабдық, таңғыш материалдар және көптеген түрлі дүние қойылды. Мәселен ашық ауада және туризмге арналған киімдерді тауға немесе қалада аязда киген өте ыңғайлы. Кәсіпорын екі жыл бойы костюмдер мен қолғаптар, жартылай комбинезондар, шалбар және тіпті жазғы шолақ шалбар өндіреді. Күртешелері жұқа болып көрінгенімен, оны кисең тоңбайсың, өйткені ол бірнеше қабатты матадан тұрады. Оның астына қосымша киім киіледі. Турист немесе альпинист ыстықтаса, ол ыңғайлы болғанша бір қабатын, екіншісін шешіп қояды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә