Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы көптің көптен күткен смартфонын жарыққа шығарды. Mobile World Congress 2015 мобильді конгресс аясында Samsung Galaxy S6 флагманды смартфонының екі нұсқасы көрмеге қойылды.
Барселона қаласында өтіп жатқан халықаралық көрмеде таныстырылған Samsung-тың басты өнімдері болып табылатын S6 смартфондары мобильді конгрестің көзайымына айналды. Айта кетсек, Galaxy S6 Edge флагманды өнімі өткен жылы сатылымға шыққан Samsung Galaxy Note Edge сынды дөңес дисплейге ие болған.
Осыған дейін берілген инсайдерлердің ақпараты өтірік болмай шықты. Айта кетсек, гаджет өзінің қалыпты дизайнын өзгертпеген. Дегенмен, оның енінің біршама жұқарғаны белгілі болып отыр. Смартфонның негізі Gorilla Glass 4 қорғанысына ие 5,1-дюймді Super AMOLED дисплеймен жабдықталған.
Оңтүстіккореялық компанияның өз өнімін толығымен фирмалық гаджет етіп шығаруға тырысып жатқанына бірнеше жылдың көлемі болды. Мысалы, ARM big.LITTLE құрылымындағы 64-битті Exynos 7420 фирмалық чипі смартфонның негізін құрайды. Сонымен қатар, 2,1 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін 4-ядролы Cortex-A57 процессоры аппараттың қосалқы қызметін атқарады. Ал смартфонның жедел жадысы LPDDR4 типті 3 Гбайт-қа ие болуы, аталған өнімді қазіргі нарықта бар Android-телефондардың арасындағы ең қуатты смартфонға айналдырған.
Galaxy S6 девайсының ақпарат сақтау мүмкіндігіне UFS 2.0 типіндегі 32/64/128 Гбайт нұсқалары қамтылған. Өнімнің f/1,9 диафрагмасына ие 16 мегапиксельді негізгі камерасы фото және видео түсірілімдердің сапасына жауапты. Одан бөлек, селфиге арналған алдыңғы камерасы 5 мегапиксель сапаға ие болып отыр.
Айта кететін жәйт, Galaxy S6 және Galaxy S6 Edge флагманды смартфондары жылдам қуат алу технологиясымен қамтамасыз етілген. Мысалы, 10 минут қуат алған гаджет 4 сағат белсенді жұмыс істей алады. Edge нұсқасы дөңес дисплейден бөлек, қондырылған қуат жинақтағышымен ерекшеленеді. Ал қалған техникалық мінездеме екі смартфонға да бірдей.
Жаңа девайстардың өзге де техникалық мінездемесі мынадай:
Қондырылған NFC-чипі;
GPS қолдауы;
Бармақ ізін сканерлеу функциясы;
LTE Cat.6, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac модульдері;
Бүгін таныстырылған жаңа смартфонның әлемдік нарықтағы жаппай сатылымы ағымдағы жылдың 10 сәуіріне белгіленген. Ал оның әр ел нарығындағы орташа бағасы әзірге белгісіз болып отыр.
Сурет: samsung-galaxy-s6.ru
Оқи отырыңыз:
MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды
Xiaomi компаниясы экшн-камера шығарады
Apple Watch "ақылды" сағатының ресми таныстырылымы қашан өтеді?
Galaxy S6 смартфонының қандай дизайнға ие болғанын қалайсыз?