MWC 2015. Huawei өзінің алғашқы смарт-сағатын жарыққа шығарды

Еуропаның әсем қаласы Барселонада өтіп жатқан MWC 2015 халықаралық техно гаджеттерінің көрмесінде қытайлық Huawei компаниясы өзінің алғашқы "ақылды" сағатын таныстырды. Huawei Watch деген атауына ие болған қолға тағатын гаджет Android Wear оперативті жүйесіне негізделген.

Аталған смарт-сағат өз бесекелестерімен салыстырғанда дизайнының дөңгелек кейіпте болуымен ерекшеленеді. Смарт-гаджет 1,4-дюймді AMOLED-дисплеймен жабдықталған.

Сағаттың ішкі құрылымының негізін 1,2 ГГц жиілікке ие Qualcomm процессоры құрап отыр. Қосалқы жадысы 4 ГБ болып, Bluetooth 4.1, жүрек соғу жиілігін бақылау, сенсорлы басқару, барометр сынды модуль және функциялармен жасақталған. Сонымен қатар, жаңа гаджетті Android оперативті жүйесі негізінде жұмыс істейтін смартфондарға қосуға болады.

Huawei Watch үш түрлі түстегі нұсқамен (қара, алтын және күміс) сатылымға шықпақ. Оған металл немесе былғарыдан дайындалған сағат баулары ұсынылған. Одан бөлек, тұтынушы сағат дизайнының 40 түрлі нұсқасынан таңдау жасау мүмкіндігіне ие болады.

Huawei Watch бірінші болып АҚШ, Ұлыбритания, Аргентина, Аустралия, Бразилия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Гонконг, Италия, Жапония, Норвегия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Швейцария және Біріккен Араб Әмірлігі сынды 20 елде сатылымға шағарылады. Ал бағасы мен сатылымға шығу күні әзірге құпия күйде қалып отыр.

Сурет: www.droid-life.com

Оқи отырыңыз: 

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Xiaomi GoPro аналогын шығарды

MWC 2015. Lenovo Pocket Projector - сіздің қалтаңыздағы кинотеатр

MWC 2015. HTC One M9 смартфонын екі аптадан кейін сатып алуға болады