Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы видеосы арқылы танылған үш жасар бүлдіршінге арнайы сыйлық табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Әміре есімді балақайдың LRT Президентпен кездесуге апарады деп ойлаған видеосы тараған еді.
"LRT-ға алғаш отырған Әміре Президентпен кездесуге апарады деп ойлапты", - деп жазылған желіде тараған видеода.
Оның балалық аңғалдығы, кіршіксіз көңілі мен қарапайымдылығы көпшілікті баурап алды: "Жаным сол, нағыз патриот", "Кездесу бұйырсын!", "Арманы орындалсын балапанның", "Қауышқан видеосын көрейік", "Президент мырза шақырса екен".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана әкімдігі мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әміреге Президенттің Алғыс хаты, естелік сыйлықтар табысталған.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
"Әлемді балалардың пәк күлкісі мен шынайы сезімі нұрландыра түседі. Әміреге мықты денсаулық, армандары орындалуын және шаттыққа толы бақытты балалық шақ тілеймін!" - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова