Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Мәліметтерді қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мегаполисте ЛРТ (LRT) жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілетіні нақтыланды.
"20 маусым сағат 22:00-ден бастап Сайын көшесінен Отар көшесіне дейінгі учаскеде көліктер үшін шығыс бағытта қозғалыс уақытша шектеледі. Көлік өткелін қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады", - деп хабарлады әкімдіктен.
Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жүргізілетіні хабарланды.
Сонымен қатар, 25-30 маусым аралығында осыған ұқсас жұмыстар қарама-қарсы бетте жүргізіледі, бұл кезеңде кері бағыттағы қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.
Жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады.
2026 жылғы қаңтарда LRT-ның бірінші кезеңінің бағыты бекітілгені хабарланды.
Сол кезде бірінші кезеңнің ұзындығы 18,3 шақырым болатыны және мегаполистің мына нүктелері арқылы жүретіні айтылған:
Құрылысты 2027 жылдың екінші тоқсанында басталып, 2029 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!