LRT Қосшыға дейін созылады

LRT-ның келесі желісі Қосшы бағытымен өтеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, күн сайын Қосшыдан елордаға 15-20 мыңға дейін көлік келеді, бұл қала жолдарына айтарлықтай ауыртпалық түсіреді.

"Қосшы қарқынды дамып келеді, ол - Астанаға көмектесіп отырған ірі серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында белсенді қатынас бар, келесі кезеңді осы бағытта салуды жоспарлап отырмыз", - деді әкім.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бұл - жобаның екінші кезеңінің бір ғана тармағы. Қосшыға апаратын бағытты бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!