Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"17 қыркүйек сағат 22:00-ден 18 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері орнатылады", - деді әкімдік өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!