Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады", - деді әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз