LRT жобасы аясында көпірдің құрылысы аяқталды

LRT жобасы аясында Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеме жасады. 

Жауапты компанияның айтуынша, көпірдің ұзындығы - 155 метр, ені - 14 метр, биіктігі - 28 метр.

"Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысан қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған", - делінген ақпаратта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!