Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
- 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

- 24-29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөлігінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова