LRT-ға байланысты: Алматыда Абылай хан даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз