LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді - Бас прокуратура

LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі cаналатын City Transportation Systems ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" компаниясының) пайдасына қатысты сот актілері орындалуына талдау жүргізді.

Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берген, оның ішінде мынадай мүліктер бар:

  • 39 тұрғын емес үй-жай;
  • 12,8 гектар темір жолдары бар жер учаскесі.

"Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге болады. Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік өндіріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздестіру бойынша іс қай сатыда екенін айтты.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде.

Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!