LG – өте күрделі құрылымды аппараттарды шығаратын алып компания. Бірақ кей-кейде компания инженерлері өз стереотиптерінен шығып, ерекше құрылғыларды да жасаумен айналысады екен.
Біз мұны аталған оңтүстіккорейлік компанияның World IT Show 2014 көрмесіне қойған AKA смартфоны арқылы білуімізге болады. Құрастырушылар смартфонға эмоциясын білдіре алу қабілетін енгізе білген.
Жоба авторларының ең басты мақсаты дербес гаджеттердің жеке дара стильді қалыптастыруына жеткізу болып табылады. Көптеген өндіруші оған ауыспалы панельдер жасау арқылы жетіп отыр. Ал LG өнімінде аталған панельдер де қамтылған. Талғамға қарай сары, қызыл, қара және ақ түсті нұсқалары ұсынылатын болады.
Бірақ ең бір артықшылығы ол емес. Девайстың артқы беті көзбен көмкерілген. Арнайы жасалынған анимация арқылы AKA смартфонының қандай көңіл-күйде екенін біле аласыз. Оның беткі қалпы тұтынушының смартфонмен қалай қатынаста болуына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, тыңдайтын музыканың да көздің өзге бір эмоцияға ауысуына әсер етеді екен.
Әзірге жаңа смартфонның техникалық мінездемесіне қатысты еш ақпарат жоқ. LG Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан көрмеде аппараттың тек концептін ғана көрсетті. Дегенмен, жаңа гаджеттің жуырда сатылымға шығатыны белгілі болып отыр. Алдағы бір айдың көлемінде Оңтүстік Кореяның тұрғындары AKA-ны сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Әзірге смартфонның өзге елдердегі анонсы туралы еш ақпарат берілген жоқ.
Сурет: www.geeky-gadgets.com