LG компаниясы бүктелетін жұқа құрылғыларды дамытуды қолға алмақ. Оңтүстік кореялық компания жаңа технологияны толыққанды қолданысқа енгізу үшін 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Wall Street Journal ақпаратына орай, LG жаңа дисплейін смартфондар нарығында сынайтын болады.
Компания бейімделгіш жұқа дисплей шығаратын зауыт салуды ұйғарған. Құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланып, жапы есепте 907 миллион АҚШ доллары жұмсалатын болады. Компания өкілдері зауыт жобасының жұмыстарын күз мезгілінде бастамақ.
Компанияның LG Display концерні жұқа экран шығару саласында біршама тәжірибеге ие. Зауыт бұл технологияның кеңінен дамуына мүмкіндік бермек. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың мамыр айында компания 55 дюймді бүктелетін OLED-дисплей таныстырған болатын. Ал 22 дюймді прототипі 2014 жылы шығарылған еді.
Биыл дөңес OLED-экрандар мобильді құрылғылардың дизайнын да өзгертті. Мұндай экрандар G Flex 2 смартфоны мен G Watch R және Watch Urbane смарт-сағаттарында қолданылған. Ал LG-дің жұқа дисплейлері 2017 жылдан өндіріске беріледі.