LG соңғы маусымдағы мобильді сегментте көп жетістікке жетті. Оған G3 флагманы дәлел бола алады. Дегенмен оңтүстіккореялық компанияның планшеттер нарығында көріне қойған жоқ.
Компания планшеттің пернетақтаға қосыла алатын моделі компактті ноутбукті, яғни гибридті құрылғыны шығаруға бірнеше рет тырысып көрді. Бірақ «біреуде екеу» идеясымен шығарылған құрылғы әзірге көптің көңілінен шыға қоймапты.
Компания инсайдерлерінің хабарлауынша, инженерлер Microsoft-тың жуырда ғана таныстырылған Surface Pro 3 аппаратына ұқсас гибридті өнім шығаруды көздеп отыр. Әзірге өнімнің атауы немесе оның техникалық мінездемесіне қатысты еш ақпарат жарияланбады.
Бізге белгілі болғаны, жаңа өнім Intel Core процессорының төртінші нұсқасымен жабдықталады. Және пернетақтаның құрылымдық модулі дамытылмақ.
Әрі планшет, әрі ноутбук қызметін атқара алатын өнімдер тұтынушылардың көзайымына айналып үлгермеген. Тіпті өткен жылы сатылымға шыққан Tab-Book гибриді де сұранысқа ие бола алмады. LG компаниясының планшеттер нарығына қатысты жаңа жоспары бар екен, демек өнім жаңа айырыммен шығатын болады.
Сурет: t3n.de