Қайнаған смартфон нарығында Корея, АҚШ, Қытай компанияларынан өзге алпауыттар жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Десе де жапониялық Sony, Panasonic, Kyocera, Sharp сияқты брендтерді назардан тыс қалдыруға болмас. Мысалы әрдайым бір детальдің түбіне жетуге құмар жапондар Kyocera KY-O1L деген ең жұқа смартфон шығарыпты. Kyocera KY-O1L жұқа наносмартфондар категориясына жатады. Қалыңдығы 5,3 миллиметр, салмағы 47г. Наносмартфонды кішкентай қалтаға, тіпті әмиянға салып қоюға болады, себебі көлемі қарапайым банк картасы сияқты. Шағын смартфоннан сыйымды аккумулятор талап ету әбестік болар, бірақ оның сағатына 380 мА қуаттылықпен жұмыс істейтін батареясы 2 күнге жетеді екен. Олай болуы заңды. Өйткені смартфон аса ауыр процесстер жүргізе алмайды, монохромды E-Ink дисплейінің диаметрі бар болғаны 2,8 дюйм (7,1 сантиметр). Сондай-ақ оның қуатын корпустың негізін құраған электронды қағаз үнемдейді. Құрылғының камерасы жоқ, бірақ4GLTE модулі бар. Оперативті жүйесі ықшамдалған Android. Қосымша бағдарламалар орната алмайсыз, тек өзінде бар бағдарламаларды қолдануға болады. Смартфонды жарыққа шығарған Kyocera мен NTT DoCoMo ұялы байланыс операторының көздегені минимализмді сүйетін және интернетке тәуелдігінен айыққысы келетін қолданушылар екен. Наносмартфон 2018 жылдың қараша айында сатылымға шығады. Бағасы 280 доллар. Kyocera KY-O1L әзірге әлемдегі ең жұқа смартфон.