Нарықта фотоаппарат өндірушісі ретінде белгілі Kodak компаниясы Bullitt Mobile бірлестігімен бірігіп, бірнеше смартфонның нұсқасын таныстыруды жоспарлап отыр.
Компания әзірге жаңа жоба туралы еш ақпарат таратпаған. Дегенмен Bullitt Mobile компаниясының бас директоры Оливер Шульте: "Kodak – нарықта сапалы өнім шығарумен танымал компания. Біз біріге нарықта аналогы жоқ смартфондар сериясын шығаратын боламыз", - дейді.
Kodak ұсынатын алғашқы смартфон осы жылдың қаңтар айында таныстырылады. Компания, сонымен қатар, 2015 жылдың екінші жартысында 4G қызметі қамтылған және қосалқы камерасы бар смартфон шығаруды жоспарлап отыр.
Сурет: onlineathens.com