- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Kiswah Fashion Shows:...
Kiswah Fashion Shows: Modest fashion Қазақстанда халықаралық деңгейде өтті
2023 жылы 17 маусымда Swissotel Alatau-да қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілім кеші өтті, ол Kiswah Fashion Shows деп аталды. Орталық Азия аймағында қарапайым сәнге қызығушылық танытатындардың барлығына арналған халықаралық платформа құру мақсатында ұйымдастырылған бұл бірегей іс-шара ауыз толтырып айтарлықтай ерекше болды, шара өнер мен шығармашылықты тұтастырды.
Шараны ұйымдастырушылар Ғайникен Букенова және Жанель Бертаеваның айтуынша, соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер modest fashion капсулалық топтамаларын, мысалы қасиетті Рамазан айын атап өтуге арналған топтамаларды жасап шығарып жатыр. Қазір табысты мұсылман әйелдер бизнесте, саясатта және басқа салаларда маңызды басшылық қызмет атқарып отыр. Оларда өздерінің ішкі құндылықтарын сақтауға деген, сонымен бірге әдемі көрінуге деген сұраныс туындады.
"Қарапайым киімге сұраныс пайда болды - соған сай сәнді ұсыныс пайда болды", - дейді Ғайникен Букенова.
Kiswah Fashion Shows көрсетілімі түрлі дизайнерлерге, сондай-ақ талантты стилистер мен модельдерге заманауи мұсылмандық сән туралы көзқарастарымен бөлісу үшін өз алаңын берді. Көрсетілімдер барысында дәстүрді құрметтеу мен модернизация туралы ортақ тұжырымдама біріктіретін көптеген шығармашылық және сәнді топтамалар ұсынылды.
Мәселен, апалы-сіңлілі Арапхановалар "Жан жапырағы" атты жаңа топтаманың тұсауын кесті. Онда желбіреп тұратын жеңіл маталардан тігілген силуэтті көйлектер, костюмдер мен шарфтар бар. Сондай-ақ киімдерден бренд үшін ерекше болып саналатын көгілдір кестелі апельсин гүлінің қауызы бейнеленген авторлық көк принттерді көре аласыз. Дизайнерлердің өздері шоуға қатысты пікір білдіріп, әр қыздың гүлдей сұлу екенін және осы сұлулығымен жан-жағына нұр шашатынын айтады. Гүл атқандай, олардың жан-дүниесі де әйелдік энергияның сан салалығымен, нәзіктік пен мейірім төгеді.
"Біз үшін бүгін мұнда болу өте маңызды, өйткені modest fashion show – біз 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағыт. Осы уақыт ішінде адамдар арасында өзіндік орынға ие болып, қарапайым, сонымен бірге заманауи сән өкілі болғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан Kiswah Fashion Shows көрсетіліміне қатысуға шақырғанда біз бас тарта алмадық", - дейді Хадиджа мен Луиза Арапхановалар.
HAMU топтамасы бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі ұғымның – дәстүр мен қазіргі заманның, өткен мен болашақтың түйіскен жерінде дүниеге келген. Дизайнер дәстүрлі элементтерді батыл өрнектермен үйлестіруге тырысты, ал оның ыңғайлы, талғампаз дизайны гендерге тәуелсіз және еркіндік пен сұлулыққа ұмтылады.
"Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған елдердің бірі, сондықтан жергілікті fashion show-ға қатысу маған өте қызықты тәжірибе болып көрінді. Мені мұнда жергілікті дизайнерлер көп болады деген ой қызықтырды, өйткені мен Қазақстанның қарапайым сән әлемімен жақын танысқым келеді", - дейді Hamu брендінің негін қалаушы Ли Джин Хи.
Профессор Лидің айтуынша, HAMU бренді су биі идеясынан туындаған – ол дизайнерлік киімдерде бейнеленген еркін, жеңіл және жігерлі қозғалыс. Ұлттық нақыш және заманауи текстура өткен мен болашақ сәннің арасындағы байланысты көрсетеді.
Kiswah Fashion Shows подиумында ұсынылған Диора Усманова мен Мадина Қасымбаеваның ынтымақтастығы авторлық өзбек кутюрьесінің сәнді көрінісі. Коллекциядан ұлттық нақыштар мен сән үрдістерін түсінуге болады және әрбір бұйым қолмен кестеленген, оны жасаудың егжей-тегжейлі тәсілі адамды таңғалдырады.
INCLOVER стиль мен жайлылықты іздейтін заманауи әйелге сәйкес келетін топтама дайындады. Бұл оның сәнге деген сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар оның мінезі мен рухани құндылықтарын көрсетеді, өйткені бүгінде әйел тек жар немесе ана ғана емес, ол білім, қайырымдылық, саясат және т.б. салаларда маңызға ие күш.
KISVA топтамасының негізгі идеясы - сән арқылы мәдениеттің эволюциясын зерттеу және бейнелеу. Бұл киім қазақстандықтардың өткенін, бүгінін және болашағын бір арнаға байланыстыратын, сонымен қатар қазіргі заманғы үрдістердің мәдениетімізге әсерін көрсететін уақытқа саяхат.
Kiswah Fashion Shows бас серіктесі AKAS Development құрылыс компаниясы. Іс-шараны ақылды қала технологиясын жасайтын CITIX adtech-компаниясы да қолдады; Қазақы зергерлік бұйымдар бренді Kazakhyuvelir; BeSpoke JET сымсыз шаңсорғыштар топтамасымен Samsung бренді; Меккеге баруға көмектесетін Hickmet туристік компаниясы; әлеуметтік бастамаларды қолдайтын Jana Dunie қайырымдылық қоры; кәсіби дерматологиялық косметика бренді Christine Schrammek Kosmetik; P.F.Changs азиялық және қытай мейрамханасы; орталықтағы Алматы Cheeseria итальяндық ірімшік зауыты; neo-nomad асханасы бар Орта Азиялық Auyl мейрамханасы және іс-шараларды басқару компаниясы Almaty Events.
Kiswah Fashion Shows іс-шарасын ұйымдастырушылар қонақтарына шабыттандыратын атмосфера құруды мақсат етті және ол сәтті іске асты. Локация іс-шараның тақырыбына сай әрленді, шынайы атмосфераны қалыптастырып, қарапайым киінудің әсемдігін аша түсті. Қонақтар шоу тамашалаумен қатар, дизайнерлермен, сәнгерлермен және стилистермен тілдесуге, сондай-ақ modest fashion әлеміндегі соңғы трендтерді талқылауға мүмкіндік алды.
Kiswah Fashion Shows Алматыдағы сән көрсетілімдерінің деңгейін көтеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар жас дизайнерлерді мұсылмандық сәнге өз шығармашылығы мен талантын жеткізуге шабыттандырды. Шара аймақтағы мұсылмандық сән индустриясын дамытудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық БАҚ-тың назарын аударды.
AKAS компаниясы жоғары сапалы және сенімді тұрғын үй, сондай-ақ коммерциялық құрылыс жобаларын жүзеге асыратын Алматы қаласының құрылыс нарығындағы көшбасшы саналады. Сегіз жыл ішінде компания өзін сенімді серіктес және құрылыс компаниясы ретінде көрсетті. Компанияның негізгі миссиялары мен құндылықтарының бірі - тұрғын үй мен сәулет сапасын өзгертуге ұмтылу.
Қазіргі уақытта компания Алматы қаласы мен Сауд Арабиясында 15-тен астам жобаны жүзеге асырды.
AKAS жоғары сапалы тұрғын үй салып қана қоймай, миллиондаған адамдардың мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Білімді мамандар мен ішкі саясатының арқасында AKAS компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық идеясын жүзеге асыратын Pro bono іс-шараларын жүзеге асыруға күн өткен сайын жақындауда.
AKAS компаниясы - ең алдымен, тұтынушылар мен серіктестердің сенімі. Бренд әрқашан сүйікті еліміздің тұрғындарының идеялары мен армандарын жүзеге асыратын үлкен істің бөлігі болуды қуана қабыл алады.
А. Жапатова