5 желтоқсанда таңертең Kcell және Activ ұялы байланыс операторларын пайдаланушылар байланыс пен интернеттің жұмысына шағымданды. Компания бұл техникалық себептерден туындаған ақау екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы мен Астанадағы абоненттер интернеттің істен шыққанын және бірқатар қосымшаның, соның ішінде Kcell қосымшасының істемей тұрғанын айтып, наразылық білдірген.
"Астанада Activ интернеті мүлдем жұмыс істемейді. Қолдау қызметінің 3030 нөмірі қоңырауды бірден үзіп тастайды", - деп жазды кейбір қолданушылар.
instagram.com/activ.kz сайтынан скриншот
Activ-тің Instagram-дағы ресми парақшасында техникалық ақаулардың уақытша екені және оларды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны хабарланды.
"Қазір кейбір қызметтер уақытша қолжетімсіз. Мамандар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Нақты мерзімдер әзірге белгісіз," - деп жауап берді компания өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!