KazSat-3 спутнигінің жұмысындағы ақау: Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келді

Қазақстанда спутниктік телехабар тарату қалпына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16 қыркүйек күні сағат 10:11-де спутниктік хабар тарату қалпына келтірілгенін хабарлады. Министрлік келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ тобы таңғы уақытқа дейін елдегі телерадио хабарларын таратуды қалпына келтірді. Басқа байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы апаттық жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, 15 қыркүйекте KazSat-3 байланыс спутнигінің жұмысында ақау пайда болып,  спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметі уақытша тоқтатылған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!