Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде бірнеше адам кепілге алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
"Астанадағы Достық көшесіндегі "Керуен" сауда орталығында Kaspi.kz-тің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!