2020 жылы 26 қарашада QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі мен Kaspi.kz компаниясы ынтымақтастық пен серіктестік меморандумына қол қойды. Екі тарап қоршаған ортаны қорғау, экология ахуалын жақсарту, ғылымды дамыту, заманауи инфрақұрылым салу мен ұлттық табиғи парктердің территориясын абаттандыру мақсатында күш біріктіруге келісті.
Вячеслав Ким, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы:
"Біз Қазақстанның табиғи, мәдени игілігіне үлес қосқымыз келеді. Жоба аясында біз ғылыми зерттеулерге және білім беру бағдарламаларына қаржылай көмектесеміз. Отбасымыз, балаларымыз еліміздің көрікті мекендеріне тамсануы үшін біз ұлттық парктердің дамуына атсалысып отырмыз. QazaqGeography-мен бірге өскелең ұрпаққа еліміздің игілігін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз".
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және компания басшысы:
"Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттерінің өмірін жақсарту, QazaqGeography-мен бірігіп бастап жатқан жоба соған сай келеді. Әрбіріміз табиғат сұлулығын жақсы көреміз, саламатты өмір салтын сақтаймыз. Біздің мақсатымыз қарапайым – клиенттеріміз бен олардың отбасы, бүкіл қазақстандық ұлттық парктерге сүйсіне кіруі үшін, экологиялық туризмге қызығушылық арттырып, заманауи инфрақұрылым жасау үшін QazaqGeography-ге көмектескіміз келеді".
Орман Нұрбаев, QazaqGeography бірлестігінің басқарма төрағасы:
"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – кез келген табысты компанияның ажырамас бөлігі. Kaspi.kz-тің ұлттық табиғи байлығымызды сақтап, дамытуға атсалысуы азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. Біздің ортақ ісіміз Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуге, қоршаған ортаны сақтауға, ерекше қорғалатын табиғи территорияларды, Қазақстандағы экотуризмді дамытуға бағытталады".