Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақшанемесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Бүкіл Қытайаумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың біріМихаил Ломтадзе:
«Көптеген қазақстандықтар Қытайда жұмыс істейді, оқиды және демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесімізAliPay+ серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге - бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз»!
Венеция Ли, Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International):
«Alipay+ Қытайдың құрлық бөлігінде Kaspi.kz-тің көптегенпайдаланушыларын мобильді төлеммен еш кедергісіз қамтамасыз ету үшін біздің Қазақстандағы бірінші жәнежетекші суперқосымша Kaspi.kz-пен серіктестігіміз туралықуана хабарлайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz пайдаланушылары үшін саяхат пен сауда сапасынжақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологиямыз бен қызмет көрсету сапасын дамытуды жалғастырамыз».
Сатып алған зат ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасынашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік берсеңіз болғаны. Немесесатушының QR кодын сканерлеуге болады.
Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын қалайтөлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен оқыңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!