Желі қолданушылары енді Kaspi.kz қосымшасында таксиге тапсырыс беру функциясы пайда болатынын жазып жатыр. Банк қызметкерлері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ал сіздер мына жаңалықты естідіңіздер ме? Енді такси нарығында лайық бәсекелес пайда болады. Ол Kaspi taxi. Иә, енді ойға қонымды бағалар болады", - дейді Эльмира Кугешева есімді Instagram қолданушысы.
Алайда банк өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазіргі уақытта біз таксиге онлайн тапсырыс беру қызметін іске қосуды жоспарлап отырған жоқпыз, бірақ біз сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға себеп болатын жаңа қызметтермен үнемі қуантуға тырысамыз", - деп жауап берді банк қызметкері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!