- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- KIOGE 2018: мұнай-газ...
KIOGE 2018: мұнай-газ өндірісінің даму тетігі және заңдағы өзгерістер мен цифрландыру
Алматы қаласындағы "Атакент" көрме орталығында мұнай-газ индустриясындағы "Мұнай және Газ – KIOGE 2018" көрмесі мен конференциясы басталды. 26 және 27 қыркүйек күндері конференцияда мұнай-газ саласындағы маңызды мәселелер, инновациялық ұсыныстар, "ақылды" технлогиялар, мұнай-газ процесіндегі цифрландыру және заңдағы өзгерістері талқыланады.
Көрме мен конференцияға әлемнің 20 елінен 500-ден астам компания өкілдері келген. 26 қыркүйекте сағат 12:00-де "Инновация мен халықаралық серіктестік – ұрақты дамудың маңызды факторы" атты сессия өтеді.
Қатысушылар Қазақстан заңнамасындағы мұнай-газ өндірісіне қатысты өзгерістерге ерекше тоқталмақ. Барлық толықтыру мен өзгеріс сағат 14:00-де "Қазақстанның жаңа заңдары мұнай-газ секторы мен инвесторларға қалай әсер етеді" дискуссиялық панельде талқыланады.
Ал 15:30-да "Мұнай-газ саласындағы технологиялық инновациялар" атты сессия өтеді. Онда "Ембімұнайгаз" АҚ, BHGE, BitfuryKazakhstan, SIEMENS, Шлюмберже Лоджелко inc. өкілдері баяндама жасайды.
Көрменің екінші күні "Бұрғылаудағы инновациялар мен зияткерлік зерттеменің тиімділігі", "Мұнай мен газды тасымалдау – даму перспективасына жаңа көзқарас" және "Мұнай сервисі қазақстандық индустрияның ең перспективалық бағыттарының бірі" сессиялары өтеді, оларға "ҚазМұнайГаз" ӨБТ ҒЗИ, "Каспий құбыры консорциумы-К" АҚ және "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ компаниялары қатысады. Сондай-ақ 27 қыркүйекте "ТШО цифрландыруды дамыту" және "Цифрлық өзгеру заманындағы адами фактор" тақырыбында екі дөңгелек үстел өтеді.
KIOGE 2018 конференциясы ширек ғасырдан бері Қазақстанның мұнай-газ, "ақылды" технологияларды енгізу, мұнай-газ өндіру процестерін цифрландыру бойынша өзекті тақырыптарды жариялау мен талқылауға арналған маңызды алаң саналады.
Massaget.kz