Теңгенің долларға қатысты позициясы нығая түсті. 23 желтоқсан КASE таңғы сессиясында доллар бағамы 331,59 теңгеге тең болды.
Таңғы сауда 335,10 теңгемен басталды. Ал ең жоғары баға 337,5 теңге болса, ең төменгісі 327 теңгемен тіркелді. Сауданың жалпы көлемі 177,6 миллион долларға жетіп, саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Еске сала кетейік, кеше KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 332,67 теңгеге тең болды. 2015 жылдың 22 желтоқсанында сағат 11.00 мен 12.00 аралығында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткен еді. Жиын басталғанша доллар 336,66 теңгеге дейін арзандаған болатын.
Дереккөз: tengrinews