Jibek Joly телеарнасындағы "Төрлетіңіз" кешкі бағдарламасының арнайы эфирінде ең танымал халық әндері туралы айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халық әндері деген қандай әндер және олардың авторы халық болып қала бере ме? Бұл сұрақтарға "Төрлетіңіз: Халқым сүйген әндер-ай" бағдарламасының шығарылымына келген қонақтар жауап береді.
Бағдарламаның студиясында орындаушылар ғана емес, "халықтікі" деп танылған ән авторлары да бар.
Сәрсенбі күні 17:45-те қапы қалмаңыз!
Наурыз айының басында Jibek Joly телеарнасының эфирінде "Төрлетіңіз" кешкі бағдарламасы басталды. Бағдарламаны Арман Дәулетияров пен Ләйла Сұлтанқызы жүргізеді.
"Төрлетіңіз" бағдарламасының атауының өзі көп нәрсені аңғартады: қазақтар үшін бұл қасиетті сөз, өйткені біз әрқашан қонақты төрге шығарып, құрмет көрсетеді. Идеясы өте жақсы. Біз көрермендерге ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды жеткізгіміз келеді, бұған қоса, белгілі тарихи тұлғалармен таныстырамыз", - деді Ләйла Сұлтанқызы.
Jibek Joly-дағы жаңа жобаның ерекшелігі - бағдарлама қонақ ретінде атақты адамдар ғана емес, қарапайым тұрғындар да қатыса алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!