Jetour Қазақстандағы бағаларын жаңартты: брендтің модельдері жайлы не білу керек?

Көлік нарығында біраз уақыттан бері кроссоверлер дефициті байқалмайды. Олар көп, әр-алуан, оның үстіне брендтердің барлығы бір нәрсені ұсынады: жайлылық, қолайлылық пен технологиялар. Шын мәнінде сатып алушы әдемі сөздердің жиынтығына емес, көліктің күнделікті тұрмысқа қаншалықты лайық екеніне мән береді. Біреуі қалаға, енді бірі отбасы мен алыс сапарға қажет. Үшіншісі ізденімпаз, саяхатқа шығуға дайын жандарға арналған.  

Сондықтан бір ғана модельді емес, бірден модельдер легін қарастырған дұрыс. Бұл тұрғыда Jetour сәтті қадам жасап, бірнеше моделінің бағасын қайта қарады. Осылай көлік маркасына таңдау жасауды түсінікті етеді. Қазір Jetour X50-дің бағасы 6 990 000 теңгеден, Jetour X70 7 990 000 теңгеден, Jetour X70 Plus 10 990 000 теңгеден, ал толық жинақтағы JetourT2-нің бағасы 15 990 000 теңгеден басталады.  

Бұл топтамадағы ең қолжетімдісі – Jetour X50. Қалаға арналған ықшам кроссоверді күнделікті тұрмыста мінуге деп қарастыруға болады. Тұрақтан орын іздейтіндей аса үлкен емес, бірақ сыйымдылықты ойлап, бас қатыратындай кішкентай да емес. Көпшілікке керек форматта жасалған: биік, жан-жағын еркін көре аласыз, қалада жүрісі жайлы әрі тек тегіс жолға арналған деп айта алмайсың. Бұл нұсқа артық өлшем үшін көп ақша жұмсамай, кроссоверге ауысқысы келетіндерге арналған.  

Фото: jetour-auto.kz

Jetour X70 бұдан өзгеше. Көлік кеңдік, ыңғайлы эргономика мен отбасыға арналған сыйымды жүксалғыштың болуы маңызды дейтіндер үшін. Бір көлік барлық базалық қажеттіліктерді өтейді. Дәл осындай кроссоверлер ең дұрыс шешімге айналады. Ешкімді таңқалдыруды мақсат етпейді, иесіне күнделікті жүріске арналған ыңғайлы әрі түсінікті көлікті ұсынады.  

Jetour X70 Plus қолайлылыққа ғана емес, жоғары класс әсерін беруге де мән береді. Көлік көлемді, айбынды және рөлде көп уақыт өткізіп, әр сапары жайлы болғанын қалайтындарға арналған. Автокөлікті тек қозғалыс құралы ретінде емес, өмірдің бір бөлігі ретінде таңдауға болады. Қаладағы сапарлар, тас жол, отбасы, жүксалғыш, алыс сапарлар – Jetour X70 Plus барлығына дайын кроссовер ретінде қабылданады. 

Фото: jetour-auto.kz

Jetour T2 бұл модельдер легінде иесіне жаңа бағыт сыйлайды. Аталған көлік бірден ерекшеленеді. "Мінезі" қаттылау, сыртқы пішіні айшықты, тек қалаға арналмағанын бірден аңғартады. Заманауи кроссоверден шытырман мен жолсыз жермен саяхаттау мүмкіндігін іздейтіндерге арналған. Алайда көпшілігі мұндай сезімді бере алмайды. Оның үстінеТ2-ні "сапарға ғана мінуге болады" деу қателік. Қаладағы тыныс-тіршілікке бейімделген, бірақ бағдар шалғай жердегі сапарға ауысса, жолда қалдырмайды.  

Фото: jetour-auto.kz

Jetour ұсынған жаңартылған ұсыныстың артықшылығы да осы. Бренд бағаны түсіріп қоймай, сатып алушылардың әр типіне модельдер легін түсінікті етті. Х50 – қалаға арналған, Х70 FL – әмбебап әрі үлкен кеңістік іздейтіндер үшін, X70 Plus – класы жоғары екенін әрі жайлылық маңызды дейтіндерге арналған. T2 – мінезді әрі жолсыз жерде көбірек мүмкіндік сыйлайтын кроссовер алғысы келетіндер үшін. Енді мұның барлығы қолжетімді бола түсті. Толығырақ Қазақстан бойынша Jetour ресми дилерлік орталықтарынан немесе https://jetour-auto.kz/ сайтынан біле аласыз.  

Жарнама материалы