Mausymashar 2024 ауқымды фестивалінің аясында 193 команданың ішінен 2024 жылы Jaidarman TOP жобасына қатысатын үздік 16 команда анықталды, олардың ішінде:
Бұл командалар "Jaidarman TOP 2024" басты әзіл-сықақтық жобасының аясында негізгі ұтысқа таласады – бас демеуші Sana Holding-тен 50 млн. (1 орын, 15 млн. (2 орын), 5 млн. (3 орын) сомасындағы инвестициялық контрактілер. Берілген инвестициялық контрактілер тек қана авторлық контент өндіруге жағдай жасау үшін ғана емес, сонымен қатар жас шығармашыл топтарды еңбектерін коммерциализациялауды үйретуге де бағытталған.
Жайдарман креативті индустрияның дамуына тағы қандай үлес қосып жатыр?
Биыл қазақ тілді КВН-ге 25 жыл. Жайдарман сахнасында бір емес, бірнеше ұрпақ өсіп-жетілді және де олар тек әзіл, продакшн және креативті индустрияның басқа да бағыттарында ғана емес, сонымен қатар маркетинг, мемлекеттік қызмет саласында да өздерін танытып жүр.
Осы екі онжылдықтың ішінде Жайдарман креативті индустрия үшін жаңа талант иелерін дайындайтын әлеуметтік лифтке айналды. Жас командалар мен шығармашыл топтар тек медиалық танымалдылыққа ие болып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық тұрғыдан қалыптасуға қажетті дағдылар мен нетворкингке ие болды. Нәтижесінде, Жайдарман түлектері еңбек нарығындағы мамандар ретінде сұранысқа ие болады (актерлер, сценаристер, режиссерлер және т.б), сонымен қатар шығармашылық салада олар фильмдерді, YouTube жобаларды, телешоулар мен комедияларды, музыкалық жобаларды қамтитын жаңа коммерциялық жобаларды жасайды.
Осы тұрғыда фестивальде Жайдарман түлектері жаңа үлкен жобаларын қалың көрерменге ұсына алатындығын да атап өту қажет. Бұл дәстүр биыл авторлары Jaidarman 2021 чемпиондары – Миллион командасы болып табылатын "Жездуха" толықметражды фильмінің тұсаукесерімен жалғасын тапты. Бұл шара осы жобаның ауқымды жарнамалық науқанының бастамасы болып табылады.
2024 жылы Жайдарманның аясы қалай кеңейеді: чемпионат құрылымы мен мақсаттары?
Jaidarman Creative Industry басшылығының айтуынша, ұжымдар саны мен олардың деңгейі жыл сайын артып келеді. Бір ғана "Маусымашар-2024" фестиваліне 3 мыңнан астам мектеп оқушылары, студенттер және кәсіби "жайдарманшылар" қатысты. Осыған орай, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдарды қолдаумен қатар мынадай шешім қабылданды:
Mausymashar-2024 фестивалі тағы несімен есте қалды?
Алғаш рет "Алматай кубогі" деп аталатын қыздар арасында Кубок ұйымдастырылды. Ақтөбе қаласынан келген "Чупа-чупс командасы" сол кубоктің жеңімпазы атанды. Кубок қазақша квн ойындарының қалыптасуының бастауында тұрған Алматай Көздібаеваның құрметіне арналған.
Үздік атағына таласып аймақтық лигалардың көшбасшылары қатысқан чемпиондар лигасы өтті. Алматының "Қыздар-ай" командасы жеңіске жетті.