Желіде Өскеменде өткен Jah Khalib-тің (Бахтияр Мамедов) концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Видео тамызда өткен Jah Khalib-тің концертінде түсірілген. Кадрда жігіт бірдеңе айтқысы келіп, әншіге белгі беретінін көруге болады. Ақырында Jah Khalib оны байқайды.
"Қызыңа бірдеңе айтқың келе ме? Ол қазір қасыңызда ма? Айта беріңіз, міне, ол қасыңызда. Өте маңызды ма? Осында шыққың келе ме (сахнаға - еск.)? Сізге ән арнайын ба? Сіздер кездесіп жүрсіздер ме?" - дейді Jah Khalib.
Жігіт кездесіп жүргендерін айтады.
"Ұсыныс жасауға бола ма?" - дейді жігіт.
Бұл сөзден кейін концертке келген көрермендер оларды қолдай бастайды. Жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасайды. Қыз келіседі.
TikTok-тағы видео 336 мыңнан аса лайк пен екі мыңға жуық пікір жинаған.
"Ол күтпеген жерден ұсыныс жасағысы келді, бірақ біліп қойды", "Бақыт тілеймін", "Өмір бойы осындай қарым-қатынас болсын", - деп жазып жатыр Желідегілер.
@ddilnaazz милота ?
♬ оригинальный звук - ddilnaazz
Осы жұптың жанында тұрған қыз әсерлі сәтті видеоға түсіріп алған, оның есімі - Дильназ Арғынбекова. Қыз оларды танымайды, бірақ видео тарап жатқаннан кейін концерттегі жұп қыздың парақшасын тауып алған.
"Концерт 11 тамызда өтті. Ал бұл жұп TikTok-та пікір жазып кеткен, қыз видео үшін алғыс айтты", - дейді Дильназ.
Видеодағы қыздың аты - Алена, ол 23 жаста, ал жігіт - Темірлан, ол 22 жаста.
"Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Jah Khalib-тің сөздері, тілегі қатты әсер етті", - дейді Алена.