Microsoft компаниясы тағы бір қымбат іскерінен айырылды. Internet Explorer «іздеу» платформасын негізін қалап, оны 10 жыл бойы дамытып келген Дин Хачамович (Dean Hachamovitch) компаниядан біржола кетті.
Бұл туралы Хачамович өз блогында қысқа ғана жариялады. Сонымен қатар, ол компанияда жұмыс істеген жылдар бойында Microsoft-тың түбегейлі өзгеріске ұшырағанын жазады.
Дин Хачамович Microsoft компаниясында 1990 жылдан бері еңбек етіп келген. Ал Internet Explorer «іздеу» платформасын құрастыру тобына 2003 жылы келеді. Диннің көмегімен Internet Explorer сол кезде бәсекелес болған Netscape платформасын жолдан тайдырған.
Дегенмен тағы үш жылдан кейін Microsoft браузеріне басқа бақталас табылады. Ол Mozilla компаниясы ұсынған Firefox болатын. Бәсеке қабілетсіз болып, Internet Explorer дерлік бар қолданушыларын жіберіп алады. Кейіннен Дин тағы бірнеше жаңартулар мен өзгертулер енгізіп, браузерді беделін қайта көтереді.
Мұнымен Браузерлер бәйгесі аяқталмаған еді. Енді Explorer браузеріне төтеп бере алатын тағы бір бәсекеші шыққан болатын. Ол алғашында екі магистранттың оқу-жобасы ретінде құрылған Google платформасы еді.
Дегенмен соңғы статистикалық ақпараттар бойынша, ғаламтор бетін қарайтын әлемнің 59% үлесі Internet Explorer-ді қолданады екен. Сарапшылар Дин Хачамовичтің браузер жобасынан кеткені біршама өзгерістердің болуына алып келетінін айтады. Енді не боларын алдағы уақыт көрсетер.
Сурет: www.techradar.com