Компьютерлер технологиясы қарқындап даму үстінде. Бұған бүгін Intel компаниясы ұсынған көлемі қарапайым флешкамен тең болатын дербес компьютер мысал бола алады.
Intel Калифорниядағы Санта-Кларада болған конференцияда өз жаңалығын таныстырып өтті. PC Client Group тобының бас директоры және компанияның вице-президенті Кирк Скаугеннің айтуынша, құрылғыны кез-келген мониторға немесе теледидарға қосу арқылы қарапайым экранды компьютерге айналдыруға болады екен.
Мини-компьютер конференция барысында толығымен таныстырылғанымен, компания басшылары оны іс-жүзінде көрсетпеді. Сонымен қатар, Кирк Core процессорындағы дербес компьютерлер мен ноутбуктар шығарылымының мини-нұсқасы ретінде қолданысқа енетінін айтып өтті.
Мини-компьютердің есептеу жүйесі де көрсетілмеді. Бірақ Intel компаниясы өз өнімін ARM-процессорындағы Android-құрылғылармен салыстырып жатыр. Жаңа өнімнің корпусы тым кішкене болғандықтан әзірге жедел жадысы да өте аз. Оның негізгі мақсаты ғаламторда сақталған құжаттармен жұмыс істеу болып табылады.
Әзірге мини-компьютерлердің сатылымға шығу күні белгіленбеді.
Сурет: www.money.ro