Intel Google Glass аналогын шығарады

Intel компаниясының бизнес менеджерлері смарт көзілдіріктер нарығына шығуды жоспарлаған секілді. Себебі компания Google көзілдірігіне бәсекелес бола алатын өнімнің дамуына $25 миллион қаржы бөліпті.

Естеріңізге салып өтсек, Intel Google Glass өніміне процессор дайындауға көшкен кезде бұл үдерістің болу мүмкіндігі айтылған еді. Енді компания Luxottica және Vuzix инженерлерімен бірігіп, ақылды көзілдіріктің концептін жасапты. Силикондық компания өзінің жаңа жобасына 24,8 миллион АҚШ долларын жұмсауды көздеп отыр.

Қазіргі кезде Intel Vuzix компаниясының 30% акциясына ие. Бірақ оның басқаруы толығымен Intel компаниясына тиесілі емес. Әйткенмен де Vuzix компаниясын аса үлкен өндіруші деуге келмейді. Себебі стартаптың небәрі 5 қызметкері бар екен.

Vuzix компаниясы алғаш рет 2013 жылы ұйымдастырылған жыл сайынғы CES көрмесінде көзге түскен болатын. Компания сол кезде смартфонмен біріге жұмыс істейтін М100 смарт-көзілдірігін таныстырған еді. Көзілдірік OMAP 4 процесінде жұмыс істеп, Android 4.0 және iOS жедел жүйелерімен басқарылатын. Дегенмен Vuzix өнімінің кемшіліктері де біршама болды. Айта кетсек, оның қуат жинақтауышы өте осал болып, дамытуды қажет ететін. Сондықтан Intel ұсынысы стартап өкілдері үшін таптырмас мүмкіндік болды.

Жаңа келісімнің нәтижесі қалай боларын нақты болжау қиын. Бірақ осы күнге дейінгі Intel жобаларының сәтсіз аяқталмағанын ескерер болсақ, компанияның көп өтпей IT нарықтағы үлесін арттыруын нық сеніммен айтуға болады.

Сурет: hi-news.ru