Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып қойған Stories-ті өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. Енді пайдаланушылар қате жіберген жағдайда Stories-ті өшіріп, қайта жарияламай-ақ түзете алады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, өзгеріс енгізуге Stories жарияланғаннан кейін 15 минут беріледі. Осы уақыт ішінде мәтінді, музыканы, стикерлерді және салынған суреттерді өңдеуге болады. Ал негізгі фотоны немесе видеоны басқа файлмен ауыстыру мүмкін емес.
Бұған дейін Stories-тен қате байқалған жағдайда оны өшіріп, қайта жүктеу қажет болатын. Соның салдарынан жиналған қаралымдар, лүпілдер мен жауаптар жоғалатын.
Жаңа функцияда өңдеуден кейін:
Өзгеріс енгізілген Stories-те "Өңделді" деген белгі көрсетіледі.
Жарияланған Stories-ті түзету үшін:
Бұл әрекеттерді Stories жарияланғаннан кейінгі алғашқы 15 минут ішінде орындау қажет. Уақыт өтіп кетсе, редакциялау батырмасы көрсетілмейді.
Скриншот: Instagram
Жаңарту Қазақстандағы пайдаланушыларға да қолжетімді бола бастады. Функцияны алғаш қолданған кезде Stories-ті 15 минут ішінде өңдеуге болатыны туралы ескерту шығады.
Дегенмен Meta жаңартуларды кезең-кезеңімен енгізетіндіктен, мүмкіндік кейбір аккаунтта бірден көрінбеуі ықтимал. Мұндай жағдайда Instagram қолданбасын соңғы нұсқаға дейін жаңартып, функцияның қосылуын күту қажет. Сондай-ақ Facebook-те қатар жарияланған немесе кейбір арнайы стикерлер қолданылған Stories-те редакциялау мүмкіндігі болмауы мүмкін.