Instagram да, TikTok та емес: Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілер аталды

Мамандар Қазақстанда қай әлеуметтік желі ең танымал екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ел тұрғындары көбіне Pinterest және YouTube-ті көп қолданады. Одан кейінгі орында Facebook (18,1 пайыз), Instagram (10,16 пайыз) және Twitter (9,82 пайыз).

Осылайша ТОП-5-те: 

Pinterest;
YouTube;
Facebook;
Instagram;
X (бұрынғы Twitter).

Алтыншы орында Вконтакте әлеуметтік желісі. TikTok бестікке де кірмеген.   

Pinterest, YouTube және Facebook бір жыл бойы көшбасшы болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!