Instagram-да QR-код функциясы іске қосылды

Instagram-да QR-код функциясы іске қосылды
Фото: theverge.com

Instagram әлеуметтік желісінде кез келген смартфон арқылы сканерлеуге болатын QR-код функциясы іске қосылды, - деп жазады The Verge.

QR-код қызметін сынақтан өткізу бір жыл бұрын Жапонияда басталған. Қазір әлеуметтік желі қолданушыларының бәріне қолжетімді. Жеке қолданушылар үшін ғана емес, компаниялар үшін де пайдалы болмақ. QR-код арқылы қолданушылар профильге бірден өтеді. 

Әлеуметтік желі қолданушылары жеке кодын жасау үшін профиліндегі баптаулар мәзіріне кіріп QR-кодты басса болғаны. Одан кейін сақтауға және оны өзгелермен бөлісуге болады. Сондай-ақ QR-код түсін алмастыру қарастырылған.

Instagram желісінде осыған ұқсас Nametag атты функция болған. Ол арқылы жасалған QR-кодты желінің камерасы арқылы ғана сканерлеуге болатын. Мұны енді QR-код толық алмастырады.

Осыған дейін Instagram TikTok-қа бәсекелес болатын Reels функциясын іске қосатыны жайлы да хабарлаған. Қолданушылар әртүрлі музыка мен аудижазбаларға 15 секундтық видео түсіріп жариялай алады.

Н. Үсенова