Енді Instagram әлеуметтік желісіне 30 секундтық видео жүктеуге болады, - деп хабарлайды TNW News басылымы. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Мәліметке сәйкес, Instagram басшылығы бұл қадамға шағын бизнеске берілетін мүмкіндіктерді көбейту үшін барып отыр. Жаңа форматтың жаңа өнімге немесе киножаңалықтың таныстырылымына сәйкес келетіні айтылады. Айта кетейік, видеоның кеңейтілген форматы Үндістан, Испания, Мексика және Оңтүстік Корея қолданушыларына мүмкін болып отыр.
Осыған дейін Instagram әлеуметтік желісі қолданушыларға фотосуреттер мен видеоларды портрет және альбом ориентациясында жариялауға мүмкіндік берді. Ал оған дейін тек шаршы суреттер салынатын еді.