IFA 2014: Galaxy Note 4, Galaxy Note Edge және Gear VR

Samsung компаниясы IFA 2014 көрмесіндегі Unpacked тұсаукесерінде өзінің үш жаңа өнімін ұсынды. Олар: жаңа стилусты флагман GALAXY Note 4, дөңес дисплейге ие GALAXY Note Edge смартфоны мен Gear VR виртуалды көзілдірігі.

Samsung GALAXY Note флагманды серияға ие смартфондардың келесі нұсқасы тұтынушылардың сұранысы бойынша металл корпуспен жабдықталған. Дегенмен, Samsung GALAXY Note 4 мінездемесі көпті таңдандырған жоқ. Себебі оған берілген мінездемені алдын ала ғаламторда таралып кеткен ақпараттардан білген болатынбыз. Samsung жәй ғана ақпаратты растады.

Samsung GALAXY Note 4 5,7-дюймді Super AMOLED дисплейге ие болған. Ол төртядролы Qualcomm Snapdragon 805 процессорымен және сегізядролы Samsung Exynos 5433 процессорымен жабдықталған. Оперативті жадысы 3 ГБ, ал қосалқы жадысы 32 ГБ-ты қамтиды. Егер microSD қолданатын болсаңыз 64 ГБ жадыны алуға да мүмкіндігі бар.

Жаңа смартфонның оптикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын 16-мегапиксельді негізгі камерасы бар. Алдынғы камерасы 3,7-ді Мп болып, кең көлемді нысандарды алуға бейімделген F1.9 диафрагмасына ие. Интернет байланысы 4G (LTE) болып келеді. Жаңа гаджет Android 4.4 KitKat платформасында жұмыс істейді.

Салмағы 176 грамм. Samsung GALAXY Note 3 нұсқасынан өзгешелігі оның көлемді болып келуінде болып отыр. Сондай-ақ, GALAXY S5 флагманды смарфонымен салыстырылғанда Home батырмасындағы бармақ ізін тану функциясы дамытылған.

Samsung-тің екінші жаңалығы GALAXY Note Edge смартфоны болып отыр. Оның негізгі бетке тұтар ерекшелігі дөңес қалыпқа ие дисплейінде болыпты. Нәтижеде оның дисплейі негізгі және қосымша болып екіге бөлінген. Негізгі дисплейде маңызды ресурстар қаралып жатқан бойда, қосымшада әр түрлі келіп түскен ақпараттар реті шығып тұратын болады.

Мінездемесіне мән берер болсақ, дерлік толығымен GALAXY Note 4 смартфонын қайталайды. Дегенмен, GALAXY Note Edge смартфонының тек Qualcomm Snapdragon 805 процессорлы нұсқасы ғана сатылымға шығады. Қосалқы жадылары 32 немесе 64 ГБ болады.

Жаңа смартфонның қуат мөлшері де Note 4 смартфонына қарағанда біршама аз болады. Ал салмағы 174 грамм.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gA1aOuK29_8#t","width":"450","height":"350"});

Көптің ойлағанындай, Samsung GALAXY Note 4 қазан айында әлемдік нарыққа шығатын гаджеттердің ең көлемдісі болатын болды. Ал GALAXY Note Edge смартфонын шектеулі елдерде ғана, ол да болса осы жылдың соңына дейін сатып алуға мүмкіндік болады.

Samsung-тің көрмеге шығарған тағы бір жаңа өнімі Gear VR деп аталатын виртуалды көзілдірігі болып табылады.

Расында, бұл әзірге тәжірибе жүзінде жасалынған гаджет болып отыр. Сондықтан, ол өнімнің қасында «Innovator’s Edition» деген қосымша тіркес тіркелген. Әзірге толық өнідіріске келмеген көзілдірік алдағы уақытта GALAXY Note 4 смартфонының айырылмас бөлшегіне айналатын болады.

Samsung Gear VR көзілдірігі Oculus VR компаниясымен біріге жасалынған жоба болатын. Оңтүстіккорейлік корпорация гаджетті сатып алушыларға фильм, ойын және білім беру қосымшалары қамтылған бағдарламаларын жинақтық үлгіде ұсынады. Аталған жаңа өнім ағымдағы жылдың соңында компанияның ресми онлайн-дүкендерінде сатылымға шығатын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: hi-tech.mail.ru