Huawei смартфонын сатып алғандар арасында 3 автокөлік ойнатылады

Huawei компаниясы – смартфондардың сатылу өсімі жоғары нарық лидерлерінің бірі. Бұлай болуы заңды: бұл концерн гаджеттерін жоғары сапаны бағалайтын адамдар таңдайды, компания өнімдерінде озық технология, бірегей дизайн және сапалы камералар қамтылған.

Осы жазда компания теңдесіз акция өткізіп жатыр – Huawei өнімін сатып алған кез келген қазақстандық акцияға қатысып, автокөлік ұтып алауына болады.

Ол үшін не істеу керек?

– Huawei-дің смартфондары мен планшеттерінің кез келген моделін компанияның ресми серіктес дүкендерінен сатып алу керек. Осылайша сіз байқауға қатысушылар базасына автоматты түрде еніп, Huawei ойнатып жатқан сыйлықтардың бірін ұтып ала аласыз;

Смартфон мен планшетті дәл бүгіннен бастап 1 қыркүйекке дейін сатып алу керек. Компания ұсынған сыйлықтар арасында үш жеңіл автокөлік, 30 Huawei Р30 смартфоны және ыңғайлы bluetooth-колонка мен автомобиль қуаттағышынан тұратын 300 түрлі сыйлықтар бар.

Еске салайық, Қазақстанда Huawei P30 сериясының флагмандары сәуір айынан бастап сатылып жатыр. Қазірдің өзінде қолданушылар жаңа құрылғыларды жоғары бағалап үлгерді. Huawei Р30 және Р30 Pro камерофондары Leica линзалары, инновациялық Huawei сенсоры, суперзум объективтері, жаңа ToF-камера (Time of Flight) және OIS, AIS суреттер стабилизациясының технологиясы арқасында кәсіби фотоаппараттармен бәсекелес болатындай деңгей көрсетті.

Серіктес материалы