Қытайлық South China Morning Postбасылымының мәлімдемесіне сәйкес, Huawei Android орнына жаңа оперативті жүйе жасап шығармақшы. Қазіргі уақытта Huawei смартфондары мен өзге девайстарының барлығы Google қарамағындағы Android оперативті жүйесінің негізінде жұмыс істейді. Алдағы уақытта қытайлық компания авторлық, жаңа оперативті жүйе жасауға мәжбүр болмақ. Оған себеп, АҚШ билігі Google корпорациясын Қытай билігімен сыбайластығын айыптаған. Google мәселенің ушығып кетпеуін қадағалап, қытайлық смартфондардан Android лицензиясын қайтарып алмақшы. Әзірге, Huawei өздерінің жобаларын қара күнге сақтап отыр. Смартфон нарығында әзірге Android пен iOS-қа шақ келетін оперативті жүйе жоқ. Олардан өзге Samsung компаниясында Gear S ақылды сағаттарына орнатылып жүрген Tizen және Microsoft компаниясының Windows Phone жүйелері бар. Бірақ олардың қуаттылығы әлі де даму үстінде.