Helicobacter pylori-ді емдеу керек пе?  Гастроэнтеролог жауабы

Helicobacter pylori-ді емдеу керек пе?  Гастроэнтеролог жауабы
Фото: celitel05

Бұл бактерия көбінесе асқазан-ішек жолдарының барлық ауруына кінәлі. Гастроэнтеролог оны емедеу немесе емдемеу керегін түсіндірді.

Helicobacter pylori (H. pylori) адамның асқазанының шырышты қабатында тіршілік етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлем халқының жартысына жуығы осы бактерияның тасымалдаушысы саналады. Дәрігерлер айтқандай, халық арасында бактериялардың таралуы өмір сүру деңгейіне байланысты. Адамдары жақсы өмір сүретін елдерде ол төмен деңгейде таралған.

Егер осы бактерияны жұқтырсаңыз қалай болады? Ештеңеге алаңдамау керек пе? Шындығында, олай емес, дейді гастроэнтеролог Мария Лопатина.

"Helicobacter pylori ең көп таралған созылмалы бактериялық инфекция екенін және асқазан жарасына, созылмалы гастритке, аденокарциномаға және асқазанның MALT лимфомасына байланысты екенін білу маңызды", - дейді маман.

Дүрбелеңнің мүлдем қажеті жоқ. Бірақ тексерілу артық етпейді.

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы – Helicobacter pylori осы аурулардың негізгі себебі болып саналады.

Функционалды диспепсия симптомдардың кешені: іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну және жану сезімі немесе тамақтанғаннан кейін толықтық сезімі және бірден тойып қалу, яғни адам аздап тамақтанды, бірақ өзін шамадан тыс жеп қойғандай сезінеді.

Көптеген зерттеулер H. pylori жойылғаннан кейін тромбоциттер санының көбею үрдісін көрсетті.

H. pylori адамдарда теміртапшылығы анемиясы жұқтырмаған адамдарға қарағанда айтарлықтай жиі дамиды.

"Хеликобактер белгі бермеуі мүмкін, бірақ оны емдемеу керек дегенді білдірмейді. Ешбір жағдайда! Өйткені, емдеу неғұрлым тезірек басталса, ерте кезеңде процесті емдеу ықтималдығы жоғары. Бактериялардың дәрі-дәрмектерге төзімділігін тудырмау үшін барлық нюанстарды сақтай отырып, оны соңына дейін жеткізуге бар күшіңізді салу керек", - деп қорытындылады Мария Лопатина.

Айта кетейік,  бұған дейін гастроэнтеролог хеликобактер пилори қандай аурулар тудыратынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы