HasSak тобы Games of Thrones саундтрегін орындады

HasSak тобы Games of Thrones саундтрегін орындады
Фото: instagram.com/hassak_official/

Games of Thrones-тың саунтрегін қобыз, жетіген, домбыраның үнімен естіп пе едіңіз? Енді ести аласыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

HasSak тобы Games of Thrones саундтрегін домбыра, жетіген, қобыз аспабында орындады. Бұл туралы танымал журналист Дина Төлепберген хабарлады. 

"Тағы бір бастамам - ұлттық өнерді қолдау. Қазір HasSak тобымен бірге жұмыс істеп жатырмын. Батыл эксперименттеріміздің біріне баға берсеңіздер", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында HasSak тобының видеосын жариялап. 

"Біз батыл эксперимент жасап көрдік. Бағасын өзіңіз берерсіз. Біз үшін басты мақсат - кавер орындау емес, қазақ музыкалық аспаптарының құдыретін әлемге таныту!" - деп жазылған HasSak тобының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Желі қолданушылары "Құлақтан кіріп, бойды алар", "Тамаша үйлесім, шебер орындау", "Аспаптардың ерекше үндестігі керемет! Еңбектеріңіз жана берсін" деген пікір жазып жатқанына қарағанда жаңа стильдегі орындау көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от HasSak ethno-folk group (@hassak_official)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева