Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс деген ақпарат тарап жатыр. Бұл - фейк, - деп хабарлайды StopFake.
Instagram-да пайда болған бұл "жарнама" қоғамда бірден резонанс туғызды.
Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады:
"Бұл - алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады.
Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!